ТҮРКІСТАНДА НЬЮ-ЙОРК БАСПАЛДАҒЫ БОЙ КӨТЕРДІ

 

Түркістан қаласында сәулеті кез келгенді қызықтыратын тағы бір нысан бой көтерді. «Нью Йорк баспалдағы» деп аталатын нысан Есімхан алаңына орнатылған.

 

Өз кезегінде ашық аспан астында орын тепкен баспалдақ қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орнына айналатын болады. Қазірдің өзінде жергілікті билік аталған алаңда «Open Space» үлгісіндегі іс-шаралар, сан алуан сайыстар мен фестивальдер өткізуді жоспарлауда. Ал оны баспалдақта отырып тамашалау көрерменге ерекше мерекелік рәуіш сыйламақ.

Сонымен қатар, Түркістандағы Нью-Йорк баспалдағында адамдар үлкен экранда тегін фильмдер мен футбол ойындарын тамашалайды.

Жоба қала тұрғындары мен қонақтарын мәдени, рухани жағынан байыту, оларды бірлікке шақыру, жаздың кешкі күндерін көңілді өткізуге септігін тигізу мақсатында қолға алынған. Ашық сахналы, айналмалы баспалдақты демалыс орнының биіктігі – 4,5 метр, ені – 11 метрге есептелген. Ерекше сәулетімен таң қалдыратын Нью-Йорк баспалдағы жастар мен туристердің сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.