НАН ЗАУЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ
Түркістан қаласындағы «Ақжол» нан зауыты төтенше жағдай режиміне қарамастан штаттық режимде жұмыс істеуде. Зауыт облыс орталығындағы нан өніміне деген сұраныстың 80 пайызын қамтып отыр.
«Яссы құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты наубайхана тәулігіне 28 тонна нан өнімдерін өндіреді. Бір күнде дүкендерге 50 мың дана нан жөнелтіледі.
Цехтағы нан пісіретін чехославиялық жабдықтар толық автоматтандырылған. Бұл ондағы жұмыс барысының барынша оңай әрі жылдам жүруін қамтамасыз етуде. «Яссы құрылыс» ЖШС-нің өкілі Насиба Атаева алдағы уақытта наубайханада пісірілетін нан өнімдерінің түрі артатынын алға тартуда.
Сонымен қатар ол, төтенше жағдай кезіндегі барлық сақтық шаралары сақталғанын айтты.
Қазіргі таңда наубайханада барлығы 10 адам жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 50 мың теңгенің төңірегінде.