КОРОНАВИРУС: ҚАЗАҚСТАНДА 60 АДАМ ДЕРТТЕН АЙЫҚТЫ

 

Әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны  1,5 миллион асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетті жұқтырғандардың арасында 48 мыңнан астам адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеуде.

 

90 мыңнан астам адамды ажал құштырған COVID-19 АҚШ-та жоғары қарқынмен тарауда. Қазіргі таңда алпауыт елде  432 мыңнан астам тұрғын індетті жұқтырған.

Қазақстанда вирусты жұқтырғандардың тіркелуі күн сайын көбеюде. Ағымдағы жылдың 9-сәуіріндегі соңғы деректер бойынша елімізде 781 адам COVID-19 вирусын жұқтырған. 60 адам дерттен айықса, 8 адам көз жұмған.

Коронавирусты жұқтырғандар саны жағынан еліміз бойынша Нұр-Сұлтан қаласы (225) бірінші, Алматы  қаласы (122) екінші, Қызылорда  қаласы (100) үшінші орында тұр.

Ал Түркістан облысында вирусты жұқтырғандар саны 34-ке жетсе, Шымкентте 27-ні құрап отыр.