ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАНША ҚАНДАСЫМЫЗ КЕЛДІ?

 

Қазақстанға 1991 жылдан бастап бүгінге дейін 1 миллион 57 мың этникалық қазақ келген. Оралғандардың барлығы оралман мәртебесін алды. Бұл туралы мәліметті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

 

Былтыр 9 993 отбасы немесе 17,7 мың этникалық қазақ тарихи отаны Қазақстанға келген. Олардың ішінде 597 отбасы Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Павлодар, Қостанай сынды қабылдау өңірлеріне қоныс аударған.

Былтыр оралман мәртебесін ұзарту бойынша біржолғы акция шеңберінде азаматтық алу үшін құжаттарын тиісті органға тапсырып үлгермеген 8,2 мың этникалық қазаққа Қазақстан азаматтығы берілді.

 

С. Нұрай.