ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

Аптаның сәсенбісінде Шымкентке ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев іс-сапармен келді. 

Мақсат – Шымкенттегі аудан әкімдігі жанынан ашылған АӘК бойынша құжаттарды қабылдайтын орындардың жұмысымен танысу.
Министр өкілі ең алдымен Абай ауданы әкімдігінде ашылған АӘК-ке құжаттар қабылдау бөлімінің жұмысын көрді. Одан соң қалған Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімдіктерінің жанынан ашылған қабылдау бекеттеріне табан тіреді. Ондағы тұрғындармен тілдесіп, олардың пікірлеріне назар бөлді. Және де Ержан Жылқыбаев азаматтарға АӘК-тің жаңа форматын түсіндірді. Қазіргі таңда аудан әкімдіктері жанынан ашылған орталықтарда тиісті мамандармен қатар еріктілер де жүр. Өз кезегінде олар қызметкерлермен бірлесіп қала тұрғындарына бағыт-бағдар беріп, қызметті дер кезінде әрі сапалы көрсетуге ықпал етіп жүр.