Салық төлемегендердің көлігі айып тұрағына апарылады

Осыдан бірнеше ай бұрын, дәлірегі қыркүйекте еліміздің Қаржы
министрлігі еліміздегі салықтық қарыздың 70 пайызы көлік құралдарына тиесілі екенін мәлімдеген болатын.

Тиісті ведомства борышкерлер көшін Шымкент қаласы бастап тұрғанын жеткізген. Министрліктің таратқан дерегіне сүйенсек, сол айда Шымкентте 148 мың адамның салықтық қарызы бар екені көрсетілген.
Мұндай дабылдан кейінгі нәтиже де көңіл тоғайтарлық емес. Қазірдің өзінде 100 мың шымкенттіктің тізгіндеп жүрген темір тұлпары үшін көліктік салығы бар. Құзырлы орган бұл үшін борыш көлемі 700 миллион теңгені құрайтынын алға тартуда. Өкінішке орай азаматтар салықтық қарызын төлеуге асығар емес. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін қалалық кірістер басқармасының мамандары, жол патрульдік полициясы қызметкерлері және сот орындаушылармен бірге рейдтік шара ұйымдастырды. Қараша айының бел ортасында басталған бұл шара аясында тізгіндеп жүрген темір тұлпары үшін тиісті төлем жасамаған біраз азаматтың көліктері айып тұрағына жеткізілген.
Тексеру шарасына жұмылған мамандар борышкерлердің қатарында қымбат көлікті тізгіндегендердің қарасы көп екенін мәлімдеуде. Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің берешектермен жұмыс басқармасының басшысы қарашада басталған осындай тексеру жұмыстарының нәтижесінде 300 миллион теңге өндірілгенін хабарлады. Бұл туралы Otyrar.KZ жазады.
Сонымен қатар олар, осындай жағдайдың бел ортасында қалып қоймас үшін уақытша көлік тізгіндеуге уақытша кідіріс жасау нәтиже бермейтінін ескертті. Мамандар алдағы уақытта салық жинаудың екінші кезеңі қарсаңында есік алдында тұрған көліктердің де салығы төленген не төленбегені туралы анықтау жұмыстары қарқын алатынын айтты.

С. НҰРАЙ.