Жаңа сайт ашылды
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і жаңа сайт ашты. Оны жаңартуға қаражатты Еуропалық даму және қайта құру банкі бөлді. Сайт жаңа пайдалы функциялармен толықтырылды, оларды абоненттер де, су шаруашылығы қызметкерлері де пайдалана алады.
Қазіргі уақытта су арнасы өз қызметкерлері мен қоғамдастықты жаңартылған сайттың функцияларымен таныстыруда. Ең алғашқы болып жаңа сайтпен үй комитеттерінің төрағалары таныс болды. Олармен арнайы кездесу ұйымдастырылып, кездесуде басқарудың автоматтандырылған жүйелері бөлімінің басшысы
Н.Бекбаев порталдың негізгі функционалдық ерекшеліктері туралы айтты. Атап айтатын болсақ, пайдаланушының жеке кабинетінің арқасында абонент өзінің ағымдағы шоты туралы ақпарат ала алады, түбіртекті басып шығарып, төлем жасай алады. Заңды тұлғалар сұратулар бойынша салыстыру туралы актіні, төлем үшін шотты ала алады.
Абоненттермен тиімді байланыс жасау үшін сайтта Facebook, Instagram, YouTube әлеуметтік желілерінің парақшалары бар. Одан басқа, мұнда әлем мен еліміздің маңызды жаңалықтары туралы білуге болады. Сайтта кез-келген адам сұрақ қойып, жедел жауап ала алады. Және Шымкент қаласының тұрғындары жазатайым оқиғалар туралы порталда хабарлап, су арнасының басшылығымен кездесуіне болады. Сайтқа www.wrm.kz
адресі бойынша кіруге болады.
Бүгінгі таңда кесте бойынша мекеме қызметкерлері сайтпен танысып, оның жұмысын жетілдіру бойынша өз ойларымен бөлісуде.