АСҚАБАҚ МЕРЕКЕСІНІҢ МӘНІ ҚАНДАЙ?
Тәжікстан астанасы Душанбеде асқабақ мерекесі өтті. Шараны өткізудегі басты мақсат – асқабақ өсіру ісімен шұғылданатын фермерлерге дем беріп, оларды қанаттандыру болып табылады.
«Мехргон» сауда орталығында ұйымдастырылған шараға министрлік пен ресми мекеме өкілдері қатысқан. Жиында Тәжікстандағы Соғди, Хатлон аймақтарының диқандары биылғы ала жазда асқабақтан алған түсім туралы көрсеткіштерді мәлімдеген. Одан соң жиналғандар назарына асқабақтан әзірленген түрлі тағамдар жәрмеңкесі паш етілген.
Жалпы Тәжікстан Республикасында асқабақ өнімінен жасалатын тағамдардың түрі өте көп. Өлкеде асқабақтың төрт түрі өсіріледі. Республиканың ауыл шаруашылық министрлігі осы бағыттағы өндірісті көбейту алға қойылған мақсаттардың бірі екенін жеткізді.
С. ЖҮНІСБЕКОВ.