СЕКЕМ ТУҒЫЗАР ТІЗІМ

Ресей Федерациясының Новгород облысындағы федералды қауіпсіздік қызметі Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде Жестяная Горка, Черное ауылдарындағы бейбіт тұрғындардың көзін құртқан жазалаушылардың тізімін жариялады.
Риа Новости жариялаған бұл ақпаратта Ресей елінің тергеу комитетінің аса маңызды істер бойынша тергеу басқармасының бөлім басшысы Сергей Килессо сол кездегі жандайшаптардың бірқатары тірі болуы мүмкін екенін болжағанын жазады. Ол жазалаушы отрядтар Ресей жерінде Кеңес билігінен азат аймақ құруды көздеген неміс қолбасшыларының бұйрығымен бейбіт тұрғындарды о дүниелік еткенін алға тартады.
Секем туғызар тізімде барлығы 19 адамның есімі жазылған. Олар Латвия Кеңестік Социалистік Республикасының тумалары немесе тұрғындары болып саналады. Бірақ тізімдегі азаматтардың жаза алғандығы немесе алмағандығы туралы нақты мәлімет ресми түрде жарияланбады.
Ағымдағы жылдың мамырында Ресей Федерациясының тергеу комитеті Новгород облысы, Жестяная Горка, Черное ауылдарындағы 1941-1943 жылдар аралығындағы геноцид бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі таңда аталған аумақтарда 500 мәйіттің қалдықтары аршып алынған. Бірақ тергеушілер құрбан болғандар саны бұдан әлдеқайда көптігін, дәлірегі 5000-ға жуықтауы мүмкін екенін айтуда.
Ал белгілі тарихшы Дмитрия Асташкина осы оқиғаға қатысты бір сөзінде жазалаушылар бейбіт тұрғындарды әр күн сайын атқанын, олар тіпті әйелдер мен балаларды да өлтіргені туралы мәлімдеген-тін.

С. ЖҮНІСБЕКОВ.