«ОҚУЫМНЫҢ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ҮШІН САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАНМЫН»

Нұржан ӘЛТАЕВ: ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев:
– Сіздер қолдап жүретін көкесі, арқасынан қағатын ағасы барлар ғана жоғары қызметте жұмыс істейді деп ойлайсыздар. Бұлай ойлау қате. Қисынға келмейді. Мысал керек пе? Менде ешқандай көке, ара ағайындықпен жұмысқа тұру болмаған. Жоғары білім алу үшін мен сауда-саттықпен шұғылдандым. Сөйтіп, оқуымның ақшасын өзім төледім. Себебі, анамның оқуымның ақшасын төлейтін қалтасында артық теңгесі болмады. Оңай болмады әрине. Бірақ қазір сол сын сағаттардың барлығы көрген түстей секілді.
Жуырда Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев күнгейге жұмыс сапарымен келген. Сол кезде ол бірқатар нысандарды аралаумен қатар, Шымкенттің белсенді жастарымен жүздесіп, емен-жарқын әңгімелескен. Басқосу кезінде депутат жастарға келелі кеңестерін айтып, оларды көп тілді меңгеруге, тынбай еңбек етуден жалықпауға, уақытты тиімді өткізуге шақырды.

С. ЖҮНІСБЕКОВ.