КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЛЕҢГІРДЕ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында Төлеби ауданы Леңгір қаласында спорт кешені ашылды. Мұнда, бір уақытта түрлі спорттық секцияларда 250-ге жуық адам спортпен шұғылдануға толық жағжай жасалған. .
Бұл спорт кешені Қуашевтар әулетінің тапсырысы бойынша бір жыл ішінде салынып ел игілігіне беріліп отыр. Құрылыс жұмыстарына 150 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Спорт кешенінде күрестің түр-түрімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, үстел теннисі және кіші футбол алаңы да бар. Бұл кешеннің алынуы салауатт өмір салтын ұстануда, көптеген азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалануда тигізер пайдасы мол екені хақ.Спорт кешенінің ашылу салтанатына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Құрбаналиев, Леңгір қаласының әкімі Болат Әділбеков, «Ордабасы» ФК Президенті Нуржан Катаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, тарихшы-өлкетанушы Әсет Кембаев, аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Кенже Жолымбек қатысты.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі