АҚҚУДЫҢ ҚАНАТЫНА ЖАЗЫЛҒАН ЖЫР
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу мақсатында кітапханада 22тамыз күні «Аққудың қанатына жазылған жыр» тақырыбында «Жас ақын» қызығушылық клуб мүшелері арасында жыр кеші өтті.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-деп ақынның өзі айтқандай шарада оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа айтуы мен қатар ақынның сөзіне жазылған әндерін тамылжыта орындады,оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді. Бүгінгі таңда жас ұрпақ Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқумен қатар, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз емес .Жыр кешінің шымылдығын кітапханашы А.Тустебаева Мұқағали ақынның «Туған жерге» атты өлеңімен ашты, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.