ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны мен мәртебесі бар. Сондай мәртебелі кәсіптердің бірі құрылысшы мамандығы екен¬¬дігі баршамызға аян. Құрыш қо묬ды құрылысшылар күніне орай ау¬¬даны¬¬мызда кәсіп иелеріне құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылды.
Құрмет көрсету шарасына аудан әкімі арнайы қатысып, кәсіби мереке иелерін шын жүректен құттықтады. Құттықтау сөзінде «Құрылыс ин¬дустриясы эконо¬миканың негiзгi iргетасы. Кез келген елдiң экономи¬калық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты. Мем¬лекет басшысының қолдауымен Тәуелсiздiк жылдары елiмiзде құ¬рылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндiрiс орындары көбейдi.
Ұлт Көшбасшысының бастама¬сы¬мен елі¬міз¬де қолға алынған биылғы «5 әлеуметтік баста-масындағы» «7-20-25» мемлекеттік бағ¬дарламасы ая¬сында қазақстандықтарды тұр¬¬ғын үймен қамтамасыз етуде құрылыс салବсының өкілдеріне зор міндет артылып отыр
Еліміз жыл сайын көркейіп, биік-биік үйлер, ғимараттар күн сайын бой түзеп келеді. Бұл үйлерде, пайдалануға берiлген барлық нысандарда, бәрi-бәрiнде құрылысшылардың қолтаң¬басы жатыр. Сондықтан құрыш қолды құрылысшылардың еңбектерi қашан да құрметке лайық!» деген аудан басшысы ауданымыздың құрылыс саласында елеулі еңбек сіңірген бір топ азаматтарға алғыс хат табыстады.
Басқосуда құрылыс саласының ардагерлері Әбутәліп Асанұлы, Сат¬қанбай Баймұса, Әбен Нысан¬баев¬тар ауданымыздың гүлденуі жолында еңбек еткен және құрмет көр¬сету шарасын ұйымдастырған аудан әкімдігінің қолға алып жат¬қан жұмыстарына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.
«Отырар-ақпарат».