ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлылар Отаны атанған Отырарда Әмірбек қариядан тараған ұл-қыздарының барлығы да өрелі өнерден кенде емес. Солардың бірі аудандық «Отырар алқабы» газетіне біліктілікпен басшылық еткен қарымды қаламгер Төпен Әмірбек 63 жасқа толып, зейнеткерлік демалысқа шығып отыр. Осыған байланысты бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаха¬нов зиялы қауым өкілдерінің басын қосып қарымды қаламгерге шын ниетімен жылы лебіздерін білдіріп, ауданның экономикалық –әлеуметтік жағынан өркендеуіне өлщеусіз үлес қосқан бас редакторға айрықша құрмет көрсетіп, иығына зерлі шапан жауып, бағалы сый-сияпат тапсырды.
Қаламгерге құрмет көрсетілген салтанатта ауданның Құрметті азаматы,аудандық қо¬ғамдық кеңестің төрағасы Мырзахмет Т嬬мірбеков, ардагер журналист Файзулла Рах¬матуллаұлы, аудандық ішкі саясат бөлі-мі¬¬нің басшысы Айдос Құлмахан және газет қы第¬меткері Рысбек Құлжандар мерейтой ие¬сіне деген жылы лебіздерін білдіріп, аудан басшысына алғыстарын айтты.
«Отырар-ақпарат».