ОТЫРАРЛЫҚТАР ЭСТАФЕТА ТІЗГІНІН ӨЗ ҚОЛЫНА АЛДЫ
Жыл басында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» өңірлік марафоны бастау алған болатын. Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайластықтың деңгейін төмендету болып табылады.
Бүгін Арыс қаласына Отырар ауданынан арнайы барған делегация эстафета тізгінін өз қолына алды. Өз кезегінде делегацияны бастап барған Отырар ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Айдос Мәулен арыстық көршілердің жұмыстарына сәттілік тілеп, киелі Отырар ауданының халқы бұл жобаға барынша атсалысып, эстафетаның деңгейін одан ары биіктетуге бар күш жігерін жұмсауға дайын екенін жеткізді.
Жоба бойынша ауданымызда аудан әкімінің бекіткен жоспарына сәйкес түрлі іс-шаралар мен автошерулер өткізілмек.