ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ – САЛАМАТТЫ ҰРПАҚ!
Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.
Бір сөзбен айтқанда, спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ.
Осы орайда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» өңірлік марафоны бастау алған болатын. Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайластықтың деңгейін төмендету болып табылады.
Жоба бойынша ауданымызда аудан әкімінің бекіткен жоспарына сәйкес түрлі іс-шаралар мен автошерулер өткізу жоспарланған болатын.
Сонымен қатар «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай және сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» өңірлік марафоны шеңберінде спорт саласының қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылып өткізілді.