«ҚАУЫН ФЕСТ» ФЕСТИВАЛІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Сіздерді 24 тамыз күні Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласындағы орталық саябақта Жетісай және Мақтаарал аудандарының бірлесіп ұйымдастыруымен өтетін облыстық «Қауын фест» фестиваліне шақырамыз.
Шараның мақсаты – ішкі туризмді дамытып, бақша дақылдарынан өндірілетін өнім түрлерін терең өңдеу арқылы кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру. Сондай-ақ, диқандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, бақша өнімдеріне сұранысты жоғарылату арқылы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Осы мақсат-міндеттерді межелеген іс-шара 24 тамыз күні сағат 11:30- да басталады.
Шараға Жетісай мен Мақтаарал аудандарынан бөлек, облысымыздың 8 ауданынан шаруалары өз өнімдерін әкеліп, жұртшылық назарына ұсынатын болады. Фестиваль барысында түрлі спорттық жарыстар мен карвингшілер сайысы, «Ең үлкен қауын», «Ең дәмді қарбыз», «Ең дәмді қауын» тағы басқа да номинациялар бойынша жеңімпаздарды бірге анықтайтын боламыз. Әсем ән тыңдап, әуезді көңіл күйде, тәттілігі тіл үйірер қауын-қарбыздан дәм татамын десеңіз мархаббат, 24 тамыз күні Жетісай ауданына асығыңыздар! Келіңіздер, көріңіздер!