«Заказ» бергіш «зам.әкім» кім?
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары секілді үлкен лауазымды қызмет атқарып отырған азамат соңғы кездері жалпы өмір мен қоғам үшін кері пікір тудыратын, орынсыз әрекеттерге жол салып беретін келеңсіз жағдайлардың нағыз бастаушысы және жүзеге асырушысы болып жатқандығы орынсыз пейілдерге негіз болуда.
Ол Шымкент қалалық мәслихатының белсенді депутаттарының жұмысына өз тарапынан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы арнайы «заказ» бергізіп, олардың күнгей жақтары жайлы мақалалар жария етіп, уақыт талабына мүлдем жауап бермейтін кері әрекеттерге бастамашы болуда. Бұл терең түсінген, зерделі бағалағандар үшін тиімсіз әрекет саналатындығы сөзсіз. Біз «Уақыттың» алдағы нөмірінде осы айтылған әрекеттерді толық зерттей отырып, оның өзінің кім екендігін, қызметтік дәрежесінің қай деңгейде жүріп жатқандығын үлкен мақалаға негізгі арқау етіп, жазуды түбегейлі жоспарлап отырмыз.
«Уақыт».