ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ЖОҒАРЫ ЖАЛАҚЫ КІМДЕРГЕ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫР?

Түлектердің еңбек нарығында сұранысы жоқ мамандықтарды жиі таңдайтынын жазып жүрміз. Осыдан болар, бүгінде жұмыс таппай жүрген заңгер мен қаржыгерлер көп. Ал еңбек нарығындағы сұраныс пен жалақысы жоғары лауазымдар мүлде басқа салаға тиесілі. Жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дәл осы тақырып турасындағы деректермен бөліскен еді. Тарқатайық…

Министрлік таратқан деректерде маусым айындағы еңбек нарығының статистикалық көрсеткіштері баяндалған. Оның ішінде жалақысы жоғары ваканцияларды да атап өткен. Ашып айтсақ, жұмыс берушілер өткен айда бас құрылысшыларға 662 мың теңгеден бастап жалақы ұсынған. Одан кейін шахтерлерге орта есеппен 612 мың теңгеден және IT-қосымшаларды жасайтын мамандарға орта есеппен 563 мың теңге ұсынылған.
Сонымен қатар ұшқыштар орта есеппен 1 миллион теңге, кеме капитандары 933 мың теңге, коммерциялық кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары 920 мың теңге сұраған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, маусым айында электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 94 мыңнан астам бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 88,9 мың түйіндеме орналастырған.

С.НҰРАЙ.