ЖОО-НЫ БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР ШАМАМЕН 79 КҮНДЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСАДЫ
ал жұмыс берушілер жас мамандардың қабілетіне қанағаттана ма?
Елімізде жас мамандарды бірден жұмысқа ала қоймайды. Көптеген жұмыс орындарының тәжірибені талап ететіні белгілі. Осы орайда, жуырда Ғылым және жоғары білім министрлігі сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев 2023 жылы диплом алған түлектердің қаншасы жұмыс тапқанын айтты.
Комитет төрағасының дерегіне сенсек, өткен жылы түлектердің 77 пайызы жұмыспен қамтылды. 2023 жылы жұмыспен қамтудың орташа пайызы 3,3 пайызға өсіп, 82,8 пайызды құрады. Бұл 2021 жылы бұл көрсеткіш 78,4 пайыз, 2022 жылы 79,5 пайыз еді. Жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы 79 күнді құрап отыр. Ал сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша білім алғандар орта есеппен 1 айда жұмысқа орналасқан.
Осы тұста тоқтала кету керек, түлектердің жоғары оқу орнында алған біліміне жұмыс берушілердің 67,5 пайызы қанағаттанып отыр. Көрсеткіш 5 жылда 35 пайыз шамасында өскен. Мәселен, 2019 жылы бұл көрсеткіш шамамен 33 пайыз болатын.
«Уақыт».