ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ — ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ғабит Әбдімажитұлы 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастаған. 2005-2006 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы, ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, 2006-2007 жылдары ҚР СІМ Кеңсесі баспасөз қызметінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы болып қызмет еткен. 2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған.
2011-2012 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, 2012-2017 жылдары Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, 2017 жылғы тамызда ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі, 2017-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі, 2019 жылғы мамырдан бастап қыркүйекке дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, 2021 жылғы шілдеден ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2023 жылғы ақпаннан осы уақытқа дейін Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.
«Уақыт» газетінің атынан Ғабит Әбдімажитұлының алдағы жұмыстарына сәттілік, бастамаларына табыс тілейміз!
«Уақыт».