ДУМАН ТАЕВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Думан Таев тағайындалды.

Өңірдің бас полицейін мегаполис активімен және ПД жеке құрамымен таныстыру үшін Шымкентке жұмыс сапарымен ІІМ басшысы Марат Ахметжанов келді. Кездесу барысында министр жұмыстың ауқымдылығы мен шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ Думан Әшкенұлы қоғамдық тәртіпті сақтауда және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі міндеттерді орындауда бар күшін салатынына сенім білдірді.
Полиция генерал-майоры Думан Таев ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Осы уақыт аралығында ол қарапайым полицейден бөлімшелер мен аймақтық полиция департаменттерінің бастығына дейінгі қызмет жолын жүріп өтті. Әр жылдары түрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР ІІМ аппаратындағы Криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысының полиция департаментін басқарды.
Осы орайда, «Уақыт» газетінің редакциясы атынан Думан Әшкенұлының алдағы бастамаларына табыс, жұмысына сәттілік тілейміз!

«Уақыт».