ГАЗДАЛҒАН СУСЫННЫҢ ТАҒЫ БІР ҚАТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Ауру –  астан. Астан ауру таппас үшін, мамандардың кеңесіне құлақ асу артық болмас. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күнделікті тұтынатын өнімге қатысты азаматтарға тағы да ескерту жасады. 

Өз кезегінде ұйым азаматтар сағыз бен газдалған су сатып аларда абой болуды алға тартады. Себебі аталған өнімдердің құрамында жасанды тәттілендіргіш беретін аспартам препараты бар. Ал аспартамның адам ағзасын қатерлі ауруға душар ететін қаупі жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дүкен сөрелерінде самсап тұратын газдалған сусын мен сағыз құрамында аспартам бар екенін айтып дабыл қақса, өндіруші компаниялар мұны жоққа шығарып әлек. Енді ДДСҰ және Азық-түлік, ауыл шаруашылығы ұйымдарының мамандарынан құралған комитет зерттеу-тексеру жұмыстарына бел шешіп кіріспекші.
Аспартамның адам ағзасында қатерлі ісікті тудыратынын ғалымдар дәлелдеген. Адамдар оны тәулігіне 40 мг-нан артық тұтынбауы тиіс.
Бұған дейін де ғалымдар газдалған сусынды шамадан тыс тұтыну артық салмақ, диабет, тіс жегі, асқазан-ішек жолдары ауруын тудыратынын дәлелдеген болатын.