БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ БІР БАҒЫТТЫ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ

Қалың оқырманның жадында болса, Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы аяқталуы 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған жолайрық құрылысы жүргізіліп жатыр.

Дегенмен көлік кептелісін азайту мақсатында Бәйдібек би даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша ашылды. Осылайша жұмыс кезеңдеріне сәйкес, көлік кептелісін жеңілдету мақсатында, құрылыс жұмыстарымен ыңғайластыра отырып жолайырықтан өту мүмкіндіктері қарастырылып отыр.
Айта кету керек, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы 3 деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Нәтижесінде аталған көшелердің көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ. Жолайрықтың техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек. Жолайрықтың Бәйдібек би бойындағы көлік қозғалысы 6 шілде күні жабылған болатын.