ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІСІ ЖИІЛЕП БАРАДЫ

Ranking.kz сарапшылары 2022 жылдың қаңтар-шілде аралығында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын санап, заңсыздықтардың қай өңірлерде жиі кездесетінін анықтады.

н олардың құрылымдық бөлімшелерінің 91 қызметкерінің сыбайлас жемқорлық фактісі белгілі болған. Бұл – соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Салыстырар болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 87 жемқор шенеунік ұсталған болатын. Бұдан бөлек, 2021 және 2022 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған әкімдік қызметкерлерінің саны бұдан алдыңғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Мәселен, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 11, 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 23, 2018 жылдың сәйкес кезеңінде 22 құқықбұзушы ұсталған болатын.
Ұсталғандардың басым бөлігі төмендегідей жағдайлар, атап айтқанда, 28 адам сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру, 26 адам пара алу, 19 адам пара беру, 14 адам алаяқтық бойынша жауапкершілікке тартылған. Өңірлерге ойыссақ, ең көп жемқорлық фактісі Түркістан облысында тіркеліп отыр. Мұндағы құқықбұзушылық саны – 13. Еске салайық, дәл осы сыбайлас жемқорлық дауына байланысты ағымдағы жылдың 26 тамызында Түркістан облысының бұрынғы әкімі қызметінен кеткен болатын. Бұған дейін Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылса, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген. Бұдан бөлек, жемқорлық құқық бұзушылық Қызылорда облысында да жоғары болып отыр. Мұнда 11 құқық бұзу фактісі тіркелген.