100 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ КӨШЕНІҢ ЖОЛ СЫЗЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН

Газетіміздің алдыңғы сандарында Шымкент қаласының көшелеріне жол таңба сызықтарын жаңарту жұмыстарының жүріп жатқаны турасында жазған болатынбыз. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мұрындық болуымен қолға алынған істің нәтижесінде 100 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылған.

Сонымен қатар қаладағы ең маңызды көшелердің бірі саналатын Тәуке хан даңғылы бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргінші өткел жолдарының да таңбалары қайта сызылды. Жалпы қазіргі уақытта үшінші мегаполистегі 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылған. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен болса, қалған 200 шақырымы акрилді бояумен сызылып отыр.
Айта кету керек, жол таңба сызықтарын сызу түнгі уақытта жүргізілуде. Мұның өзі күндізгі уақытта көлік кептелісін тудырмау мен қозғалысқа кедергі келтірмеу мақсатын көздейді.