САУРАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТҚАН

Түркістан облысында Сауран ауданының құрылғанына да бір жылдың жүзі болды. Еншісін алып, жеке аудан ретінде бөлініп шыққан өңірде бүгінгі күннің өзінде құрылыс қарқыны артқан. Жуық арада өңір бірнеше әлеуметтік нысандармен толыға түспек.

Атап айтсақ, келер жылы Оранғай ауылында 150 орындық, Жаңа Иқан ауылында 200 орындық мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Биыл Қосмезгіл елді мекеніндегі 300 орындық білім ордасы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аудан орталығы Шорнақта әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысын жүргізу үшін 38 гектар жер телімі бөлінген. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің құрылысы басталып кетті. Сондай-ақ 1 өрт сөндіру депосы, 200 орынға шақталған орталық аурухана, 500 орындық мәдениет үйінің салынуы жоспарлануда. Айта кетейік, ауданның топографиялық түсірілімімен бірлескен бас жоспарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде. Бас жоспар аясында аудан орталығына Аша және Қосмезгіл ауылдары біріктіріліп, Шорнақ елді мекені болып аталатын болады.