КЕНТАУДА «СЕРГЕК» КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛА БАСТАДЫ

Түркістан қаласының облыс орталығы болуы Кентаудың да дамуына тың серпін берді. Енді аталған қала әкімдігі Кентауды қауіпсіз қалаға айналдыру бастамасын көтеріп, бірқатар тың жобаларды жүзеге асыруды бастап та кетті. Солардың бірі – «Қауіпсіз қала» жобасы аясында сергек бейне бақылау камераларын орнату.

 

Жоба мақсаты — қаланың қауіпсіздігін күшейту, жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу және жол-көлік оқиғасының санын азайту. 16 наурыздан бастап қаланың Ясауи мен Төле би көшелерінің қиылысына, «Ынтымақ» алаңына қойылды. Жалпы 20 «Сергек» бейне бақылау камераларын орнату қажет пунктілері ұсынылған. Қала әкімі Рашид Аюпов Кентауды қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында жыл соңына дейін сергек бақылау камералардың санын арттыруды жоспарлауда. Жүргізушілер жылдамдықты асырмай, өзі мен жолаушылардың өмірі үшін жол ережелерін сақтағаны абзал. Әйтпегенде ауқымды айыппұл арқалауға тура келеді.
Қолға алынған бастама жол көлік оқиғаларының санының кемуі мен жүргізушілердің мәдениетін арттыруға сеп болмақ. Қала берді қаланың қауіпсіздігіне де үлкен септігін тигізеді.