БОЛАШАҚ ЧЕМПИОНДАР АУЫЛДА ЖҮР

Түркістан облысы, Келес ауданында бой көтерген спорт кешенінің басшысы Нұржан Мамешов осылай дейді.

Ауданның Алпамыс батыр ауылдық округінен ашылған спорт кешені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында салынған. Құрылысы былтыр басталып, биыл пайдалануға берілген нысанда ауыл жастары шахмат, бокс, қазақ күресі, қол күресі және үстел теннисі сынды спорт түрлері бойынша шынығып, шеберліктерін арттыратын болады. Олардың бабын шыңдайтын бапкерлер жергілікті жерден тартылады.
Екі қабатты ғимарат ішінде жас ұрпақтың спортпен шұғылдануы үшін бар мүмкіндік жасалған.