ЖАЛҒАН АҚШАНЫҢ КӨБІ АЛМАТЫДА АНЫҚТАЛҒАН
Былтыр жалғанды жалпағынан басқысы келгендер 519 жалған ақшаны айналымға енгізгісі келген. Бірақ Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер мұның жолын кескен. Анықталған 519 жалған ақшаның (513 банкнот және 6 монета) құны 1 577 400 теңгені құраған.
Қолдан жасалған банкноттардың көбі немесе 340 данасы номиналы 2000 теңгелік ақшалар болған. Жалған ақшалардың жалпы санының 15 пайызы 5000 теңгелік банкноттар болса, 7 пайызы 10000 теңгелік банкноттарды құраған. Жалған капиталдардың 68 пайызы Алматы қаласында анықталған. Үш миллионға жуық тұрғыны бар бұл мегаполисте 355 дана жалған ақша анықталған. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында 54 дана, Шығыс Қазақстан облысында 26 дана табылған.