БІРЕУ ТОЙЫП СЕКІРЕДІ, БІРЕУ ТОҢЫП СЕКІРЕДІ

Өткен жылы 20 мыңнан астам жүргізуші темір тұлпарларына ерекше нөмірлерді сатып алған. Ел аузында VIP деп аталатын нөмірлерді сатып алу үшін жаратылған ақшаның жалпы жиыны 5,8 млрд теңгені құраған.

Бір қызығы автокөліктеріне әдемі нөмірлерді алуға ниет білдіргендердің саны 2020 жылмен салыстырғанда анағұрлым көбейген.
Автокөліктерінің нөмірлері айрықша болғандарын қалайтын 20 мыңнан астам жүргізушінің ең көбі алматылықтар екен. Ірі мегаполисте барлық VIP нөмірлердің 6882-сі сатылған. Одан кейінгі орында Шымкент қаласы тұр. Үшінші мегаполисте 818 млн теңгеге жуық қаржыға 3190 ерекше нөмір алынған. Үштікті Нұр-Сұлтан қаласы түйіндейді. Елорда 2231 көлікке жоғарғы сұранысқа ие нөмір алынған. Бұл үшін 667 млн теңге жұмсалған.
Көлікке VIP нөмірге деген сұраныс ең аз өңір – Солтүстік Қазақстан облысы.
Айта кетейік, ерекше нөмір тізбегінің бағасы 174 591 теңгеден басталып, 872 955 теңгеге дейін барады. Яғни баға сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты белгіленеді.