КҮНГЕЙДЕ СҮТ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ КӨБЕЙЕДІ

Түркістан облысы аграрлы аймақ. Бұл мүмкіндікті мақсатты пайдалану үшін осы жылы 11 бағыт бойынша жылыжай кешенін ұлғайту, мал бордақылау алаңдарын салу мен сүт өндіру көлемін арттыруға арналған 33 жобаны жүзеге асыру көзделуде.

Бұл туралы Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов мәлімдеді. Бүгінде облыста 69 мың шаруа қожалығы тіркелген. Оларда 170 мыңнан астам адам еңбек етуде. Бұл республикалық көрсеткіштің 32% құрайды. Аймақта жаңадан 122 гектарға жылыжайлар салынып, өңірдегі жылыжай көлемі 1 467 гектарды құрады.
Өткен жылы облыстың климаттық жағдайын ұтымды пайдалана отырып бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасы іске асырылғаны белгілі. Жоба аясында 9 мың гектарда 2 878 жоба іске асырылып, нәтижесінде 280 мың тонна көкөніс өнімі жиналған.