ТЕРІСКЕЙЛІКТЕР ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

Былтыр Түркістандағы 90 отбасы Павлодар облысына көшкен. Көпшілігінің көші көлікті болып, жұмысқа орналасып, баспаналы болған. Алайда күнгейге кері қайтқандар да бар. Бұл ол азаматтарға қажетті жағдайдың жасалмауынан емес, аймақтағы климаттың кейбір азаматтардың денсаулығына кері әсер етуі мен отбасылық жағдайдан туындайды.

Түркістан облысына арнайы келген ақпараттық-насихаттық топ өкілі, Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Ерсін Ағынтайұлы осылай деді.
Өз кезегінде ол қазіргі таңда Павлодар олысында 2 мыңға жуық бос жұмыс орын бар екенін атап өтті. Өңірде дәрігер, мұғалім және техникалық сала мамандары тапшы екенін алға тартқан ол оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге берілетін көмектер туралы «Солтүстікке көшкен жанұядағы әрбір адамға бірретік 214 мың теңге қаржы беріледі. Ауыл шаруашылығын дамытамын деген шаруалар үшін де жер құнарлылығын атап өткім келеді. Мемлекет қорындағы баспанада 5 жыл көлемінде тұрған азаматтарға үй аттарына рәсімделіп беріледі», — деді.
Павлодардан келген ақпарттық топ мүшелері бір апта бойы облыс аумағындағы 17 қала-аудан тұрғындарымен жүздеседі. Жоспарға сай делегация құрамындағы 40-қа жуық маман көші-қон мәселесі туралы толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.