ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ЕСЕБІНЕН ШЕТЕЛГЕ 1 ТРЛН-ҒА ЖУЫҚ ТЕҢГЕ ЖӨНЕЛТІЛГЕН

Былтыр қаңтар-қараша айларында елімізден шетелге ақша аудару жүйелері арқылы жөнелтілген жеке тұлғалардың халықаралық қаржы аударымдарының жалпы көлемі 921,3 млрд теңгені құраған. Яғни 1 триллион теңгеге жуықтаған. 2020 жылдың  ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 712,8 млрд теңге болған.

Бұл деректі ranking.kz таратты.

Ал шетелден алынған ақша көлемі 256,2 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға азайған.

Қазақстанда жеке тұлғалар есебінен жасалған халықаралық қаржы аударымының ең көп үлесі немесе 278,5 млрд теңгесі Өзбекстанға жөнелтілсе, 189,2 млрд теңге Түркия еліне, 162,1 млрд теңге Ресейге аударылған.