БІЗ КІМДЕРГЕ БЕРЕШЕКПІЗ?

Қазақстанның сыртқы қарызы  166 млрд долларға жетті. Өкінішке орай елдің берешегі өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге өскен. Мәселен, 2020 жылғы дерек бойынша сыртқы қарызымыз 152 млрд долларды құраса, 2021 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша елдің берешегі 164,1 млрд теңгеге бір-ақ өскен. Яғни 2020 жылмен салыстырғанда берешек көлемі  3,5 пайызға көбейген.

Бұл деректерді Қазақстан Республикасы   Ұлттық банкі таратты.

Қазақстан нақты қай елдерге қанша қарыз? Қарапайым халық арасында «Қытайға қарызға батып отырмыз» деген сөздер жиі естілетіні белгілі. Бірақ бұл қате. Еліміздің ең көп берешегі Нидерландыға тиесілі екен. Ұлан байтақ еліміз аталған елге 44,1 млрд доллар берешек болса, Ұлыбританияға — 21,8, АҚШ-қа-12,8, Францияға- 11,7, Ресейге-10,8, Қытайға — 9,9, Бермуд аралдарына — 9,5, Жапнонияға -5,5, Гонгонгқа — 4,2, БАӘ-не -2,4, Швейцарияға — 2,4, Германияға — 2,3 млрд доллар қарыз.

«Қарыз алар кезде қол кідірмейді, берерде дірілдейді» деген сөз бар. Әйтеуір берешегімізді қайтарардың уақыт сәті туған кезде қаймығып жүрмесек болғаны…