Халыққа тұрақты түрде көмектесетін кез келді — Президент байлар туралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан байлары халыққа көмектесетін кезі келгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысады.
«Бұл қорға лотерея қызметі операторының, бәс тігу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдары жіберіледі. Әрине, айтарлықтай тұрақты аударымдар, ірі бизнес тарапынан қорға тұрақты аударымдар күтеміз.
Тұңғыш Президент — Елбасының арқасында елімізде өте табысты компаниялар тобы және халықаралық стандарттар бойынша да бай адамдар пайда болды. Енді Қазақстан халқына құрмет көрсетіп, оларға жүйелі әрі тұрақты түрде көмек көрсететін кез келді деп есептеймін. Сондықтан, Үкімет компания тобын жасап, олармен қорға төлейтін жыл сайынғы жарна көлемін келісуі керек болады», — деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.