КҮШІМІЗ — БІРЛІКТЕ
Осы аптада дәл осындай атаумен арнайы қор құрылған болатын. Қордың басты мақсаты – зардап шеккен бизнеске көмек беруде кәсіпкерлер мен барлық қамқор азаматтың күшін бір арнаға тоғыстыру.
«Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі таратқан деректерге сүйенсек, «Күшіміз бірлікте» қоры еліміздің 14 өңірінен белсенді кәсіпкерлердің бастамасымен құрылған. Қордағы қаражатты жинау және бөлу процесі барынша ашық жүргізіледі. Оның жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында ашық айтылып, көрсетіледі.
Кешегі жағдай бойынша қордың есепшотына 1 млрд теңге қаржы жиналған.