900-ден аса мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтылған

Түркістан облысында 945 мектеп бар. Ондағы оқушылардың саны жарты милионнан асады.

Оның ішіндегі 906 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Дегенмен де облыста апатты және үш ауысымды мектеп мәселесі күн тәртібінен түспеген. Мәселені шешу үшін биыл өңірде 78 мектептің құрылысы жүргізілген. Бұл құрылысы жүріп жатқан мектептердің саны жағынан еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Бүгінде 42 мектептің құрылысы аяқталды. Оның жартысына жуығы жекеменшік мектептер. Тереңдетілген бағытта білім жүйесін дамыту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігімен 4 Binom School мектебі (қазақстандық жалпы білім беру үдерісіне озық әдістемелерді енгізетін жаңа бренд) салынады.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай облыста 130 жаңа мектеп салу жоспарланған.