КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН

Дәл осындай атаумен Сарыағаш ауданында фотобайқау мен көрме өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауда тәуелсіздік жылдарындағы аудан мен қаланың бүгінгі келбеті кадрлар арқылы кешегі күнмен салыстырылып көрсетілді.

Фотобайқауға қатысушылар Сарыағаш ауданының 1991-2021 жылы аралығындағы жетістіктері мен аудандағы тарихи маңызы бар оқиғаларды көрсетуге тырысқан. Фотокөрмеге қатысушылардың жұмыстары 2021 жылдың 15-тамызы мен 15-қарашасы аралығында жинақталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Н.Талипов құттықтап, арнайы дипломмен марапаттады. Қаржылай сыйлықтар да табыс етілді. Байқау нәтижесінде бірінші орынды Әбдіхалық Әбдуәлі еншілесе, Назира Жолшыбекова екінші орынды жеңіп алды. Ал Нұржамал Құлбатырова, Бақдәулет Айдағараев және Халық Хожатаев үшінші орындарға ие болды.

Д. АМАНҒАЛИ.