ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Бүгінде Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Шымкент сары аймақта тұр. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін алға тартады.
Басқарма басшысының сөзінше қалада 40-тан астам бекетте вакцина салдыру жүргізілуде. Егу науқаны басталғалы барлығы 558 108 адам вакциналанды. Оның ішінде 526 313 адам екпенің екі компонентін алып үлгерген. Шымкенттіктер үшін коронавирусқа қарсы екпенің Спутник V, QazCOVID-In, Hayat-Vax, CoronaVAC, Vero CELL түрлері қолжетімді.
Қалада індеттің таралуын барынша тежеу мақсатында енгізілген ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8 828-ге жеткен. Аталған жоба бойынша 715 тұрғынның мәртебесі «сары», 2030 тұрғынның мәртебесі «қызыл» екені анықталған.