Облыста көмір тапшылығы жоқ
Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды.
Облыстың көмір отынына қажеттілігі 850 мың тоннадан асады. Оның ішінде 240 мың тоннадан астамы коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке бағытталса, тұрғындар қажеттілігі үшін 600 мың тоннадан аса көмір керек. Бүгінде бюджеттік мекемелерге қажетті қатты отынның мөлшері толық жеткізілген. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Тұрғамбаевтың сөзінше өңірде көмір тасымалдайтын 24 мекеме бар. Теміржол тұйығы бар елді мекендерде бір тонна Шұбаркөл отынының бағасы 14700-20000 теңге аралығында, ал теміржол тұйығы жоқ елді мекендерде 20000-26000 теңге аралығында саудаланып жатыр. Облыста қатты отын бағасының көтерілуіне жол бермеу бойынша жауапты мекеме басшыларына хат жолданған.