ӨНІМ КӨЛЕМІ 20 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 9 айдың қорытындысына сәйкес, ауыл шаруашылығының өнім көлемі 22,4 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде, мал шаруашылығы — 11,4 млрд, ал өсімдік шаруашылығы — 10,7 млрд теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың өсімі 5,1 млрд теңгеге жетіп, жылдық жоспар 102,1 пайызға артығымен орындалған.

Бұдан бөлек, ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 8,1 млрд теңгені құрап отыр. Оның 646,7 млн теңгесі жергілікті бюджеттен, 7 млрд 199,1 млн теңгесі меншікті қаражат есебінен, ал 297,9 млн теңгесі басқа да қаражат есебінен тартылған.
Сонымен қатар жоспарланған өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1 млрд 17,5 млн теңге, бөлшек сауда көлемі 1,846 млрд теңге көрсеткішімен тіркелді. Қазіргі таңда ауданда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 4 528 болса, оның 469-ы заңды тұлғалар, 1 569-ы жеке кәсіпкерлер, 2 490-ы шаруа қожалықтарының иелері.