САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ: 31 КӨШЕГЕ ТАЛШЫҚТЫ ОПТИКА ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

Шымкентте қаладан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптарды, онымен қоса орталық көшелерді оптикамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Биыл Шымкент қаласы әкімдігінің «Fishnet» компаниясымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде орталық көшелерді толықтай оптика желісімен қамту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда аталған компания қала орталығындағы 31 көшеге толықтай талшықты оптика желісін жүргізді. Бұл азаматтарды 200 Мбит/сек жылдамдығына дейін сапалы интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Талшықты оптика желісі тартылған көшелер қатарында Ғ. Иляев, Красин, Жылқышиев, Желтоқсан, Л.Толстой, Шаймерденов, Н.Төреқұлов, А.Әлімбетов, М.Сапарбаев, М.Қожа, М.Мәметова, Ш. Уалиханов, Ә.Тәжібаев, А.Асанов, М.Шолохов, Д.Сарықұлов, Ғ.Орманов, Лихачев, Байзақұлы, С.Жандосов, Молодая гвардия, К.Циолковский, Дулати, Қазыбек би, Қ.Аманжолов, А.Диваев, Т.Орынбаев, Ж.Адырбеков, Құрманғазы, Шаймерденов өткелі мен Ж.Ташенов көшелері бар.
Қазан айынан бастап аталған көше тұрғындары өтініш беру арқылы оптика желісіне қосыла алады. Тұрғындар тарапынан оптика желісіне қосылуға өтінім берілген жағдайда жоғарыда көрсетілген көшелерге (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) сапалы интернет «FishNet» компаниясы арқылы жеткізілетін болады.
Өтініш қалдыру үшін Д. Қонаев көшесі №210 мекенжайына баруға болады. Немесе +7 (7252) 60 60 60 телефон нөміріне хабарласу арқылы хабарлама қалдыру қажет.