АСАРЛЫҚТАР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Шымкенттегі «Асар» шағын ауданында «i-LinkNet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан оптика желісі толық жүргізілді. Осылайша асарлықтар 100 пайыз талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылды.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қаланың цифрландыру басқармасына сілтеме жасап мәлімдейді.

Мамандардың айтуынша, ондағы 2000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі, яғни, жалпы саны 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель тартылған. Нәтижесінде, аталған шағынаудандағы 9 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетке қол жеткізіп отыр. Бүгінде, өтініш қалдырған 200-ге жуық үй интернет желісіне қосылды. Интернет желісіне қосу бойынша тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдануда. Егер тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда «i-LinkNet» компаниясы шағын ауданды толыққанды талшықты оптика желісімен (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ететін болады. Алдағы уақытта, «i-LinkNet» компаниясы «Самал-3» шағын ауданына толыққанды талшықты оптика желісімен қамту жұмыстарын жүргізетін болады.