ЖАРЫҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ЖҮЙЕЛІ ШЕШІЛЕДІ

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданындағы өзекті мәселенің бірі көшелердің жарықтандырылуы. Ауданда барлығы 404 көше бар. Олардың тек 109-ы жарықтандырылған. Осылайша аудандағы көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 26 пайызды ғана құрап отыр. Тағы 295 көше және 7 аула жарықтандыруды қажет етеді.

Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына сәйкес 8 айда аудандағы 8 көше жарықтандырылды. Олар: Жабай ата, Жұлдыз, Тәжібай ата, Баянауыл, Көктөбе көшесі, Дәулетұлы, Ақжайық шағын ауданындағы Ақжелең және Жабаев көшелері.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін тағы 14 нысанда жарықтандыру бойынша құрылыс жұмыстары аяқталады. Атап айтқанда, Керуен, Хаят, Сапақ датқа, Суриков, Шәймерденов, Диваев, Жастық, Ақмешіт, Абай, Қырыққыз және Промышленная-Есіл көшелері. Сонымен қатар Суворовтан темір жол өткеліне дейінгі аралық, Айбергеновтен Республика даңғылына дейінгі ішкі орам көшесі, төменгі «Отырар» шағын ауданының ішкі орам көшелері, І. Жансүгіровтен Володарскийге дейінгі аралық, Тұрсынбаевтан 195 орамға дейінгі аралық жарықтандырылады.
Нәтижесінде жыл соңында Әл-фараби ауданындағы жарықтандырылған көшелер 31,9% құрайтын болады.
Сонымен қатар биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қаратау ауданында 40 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда 19 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталып, жарықшамдар қойылған. Олар Жоламан, Сарбаздар, Аширов, Гүлдала, Алтынсарин, Мұзтау, Ақпейіл, Арайлы таң, Зеңгі ата, Ақбота, Түлкиев, Ұстамұхамат («Бозарық» шағын ауданындағы), Бөкейханов («Ақжайық» шағын ауданындағы), Шертер («Нұртас» шағын ауданындағы), Қазақ радиосы, Ақ алтын, Зере, Құсқоңыр және Кентара көшелері.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Назарбаев, «Асар» шағын ауданындағы Жейхун және балалар емханасының аумағы, Ақбастау, «Нұрсәт» шағын ауданындағы балалар ауруханасының көшесі, Амангелді және Төлеметов көшелері, «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы Степная көшесі, Сіргелі, «Асар» шағын ауданындағы №4 және Атекент көшелері, «Орманшы» шағын ауданындағы Алатау, «Сайрам» тұрғын алабындағы Ибрагим ата, Мерген төбе, Кемеқалған, Бабашұлы, Өтебаев, Балқыбеков, Әбдіров, Бекмаханов, «Мәртөбе» тұрғын алабындағы орталық көшелер жарықтандырылады.
Қаратау ауданында барлығы 1272 көше бар. Осы жылға дейін 36 көше ғана жарықтандырылған.
Ал Абай ауданында 2021 жылға дейін көшелердің 7 пайызы ғана жарықтандырылған. Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл жеті айда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 26 көшеге жарықшам орнатылды. Атап айтқанда, «Самал-3» шағынауданындағы Ясауи, ағайынды Тәжібаев және Сыздықов көшелері, «Тұрлан» шағынауданындағы Іңкәрдария, Казына көшелері, 4-шағынаудандағы Досжанов, Байтулы Баба көшелері, «Ынтымақ» шағын ауданындағы Ырысметов, Сүйінбай, Жабаев, Ташкент көшелері, Агро Фирма (Қарасу) көшесі, «Шұғыла» шағын ауданындағы Өзекті, Егемен Ел көшелері, «Самал-3» шағын ауданындағы Ізгілік, Мамин Сибиряк, Қосдиірмен, Б.Момышұлы көшелері, «Ақжар» тұрғын алабындағы орталық көше, «Қызылжар» шағынауданындағы Ермат ата көшесі, «Жайлау» шағын ауданындағы Әлмахан қажы, Ақсуат көшелері, «Солтүстік Батыс» шағын ауданындағы Нұрлытаң, Қазақ ордасы, Юсупов және Төлебаев көшелері.
Ауданда жыл соңына дейін тағы 18 көше жарықтандырылады. Олар: Зерделі көшесі (Гагарин көшесінен-Водопьянов көшесіне дейінгі аралығы), Павлов, Спатаев, Темірлан тас жолы, Отарбаев, Алпамыс батыр, Өмешұлы, «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы орталық көше, Н.Сүлейменов, «Жаңаталап» тұрғығн алабындағы Айдарқұл, Отырар көшесі, Бәйдібек би, Б.Исаханов, 1- Бадам көшесі, Бекболатов және Айшықты, Шалқаркөл, Есбол қажы көшелері.
Нәтижесінде жыл соңында аудандағы көшелердің жарықтандырылуы 7-ден 11,5 пайызға артады.