СИРЕК КІТАПТАР ҚОРЫ

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында дәл осындай атаумен аталатын бөлім бар. Атауының өзі айтып тұрғандай ол жерде құнды дүниелер сақталатын сирек кітаптар қоры бар.

Ол дүниелер 1960 жылға дейін жарық көрген отандық және шетелдік басылымдар жинағы, сонымен қатар орыс және шет тілдеріндегі кейінгі кезеңдегі басылымдардан құрылған тарихи және көне кітаптар жиынтығын қамтиды.
Қор құрамына көне кітаптар (көлемді кітаптар, шағын кітаптар, авторлар қолтаңбасы, факсимильді, баспа басылымдары), брошюралар, буклеттер, газеттер мен журналдардың жеке үлгілері, жазбалар, карталар кіреді.
Жалпы бөлімде 5 мыңға жуық кітап қоры бар. Олардың барлығы да оқырмандар үшін таптырмас мол мұра.