«АСАР» АБАТТАНУДА

Қаратау ауданы аумағындағы «Асар» шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың сапалы орындалуы аудан әкімі аппаратының тікелей бақылауында.

Соған сәйкес, Қаратау ауданы әкімдігінің инфрақұрылым және көріктендіру бөлімі тарапынан абаттандыру жұмыстарына жауапты мекемеге құрылыс жұмыстарының талапқа сай әрі сапалы жүргізілуі қажеттігі ескертілді.
Биыл «Асар» шағынауданындағы 23, 26, 27, 29 үй ауласын абаттандыру мақсатында бюджеттен қаржы қаралған. Тиісті жұмыстарды «Азат Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.