БИЫЛ ОРТАЛЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ 104 КӨШЕ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкентте орталық маңызы бар 747 көше бар. Бүгінде оның 228-і жарықтандырылған. Бұл көрсеткішті арттыру үшін биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы 104 көше жарықпен қамтылады.

Қазіргі таңда мердігер мекеме «ABM Building» ЖШС тарапынан 51 көшеге жарықшам орнатылған. Тиісті жұмыстар «Шымкент қаласының жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы бойынша іске асып жатыр.
Бүгіне дейін жарықтандырылған 51 көшенің 24-і Абай ауданында, 6-көше Әл Фараби ауданында, 4 көше Еңбекші ауданында, 19 көше Қаратау ауданы аумағына тиесілі.
«Шымкент қаласының жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы бойынша келер жылы тағы 102 көше, 2023 жылы 106 көше жарықтандырылатын болады. Нәтижесінде қаланың орталық маңыздағы көшелерінің жарықтандырылуы 70 %-ға жететін болады.
Өз кезегінде Шымкент қаласы әкімдігі тұрғындар көше бойындағы жарық бағаналарының істен шығып, жанбай тұрғанын көрсе «іKomek» орталығының 109 нөміріне хабарласуын сұранады.