БИЫЛ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ 12 БАҒДАРШАМҒА КӨБЕЙЕДІ

Биыл Шымкентте жол қозғалысын реттеу мақсатында 600 метр жасанды жол кедергілерін орнату жоспарланған. Бұдан бөлек жолаушылар мен жүргізушілер қауіпсіздігін барынша күшейту үшін 2600 дана жол белгілерін орнату көзделген. 

Осы жылдың еншісінде барлығы 215 шақырымға жол таңбаларын сызу жұмыстары да белгіленген. Сонымен қатар белсенді жаяу жүргіншілер өткелін салу жұмыстары да кестеге сай жүретін болады.
Және де биыл қала көшелеріне жаңа 12 бағдаршам орнату жоспарланған. Бүгінге дейін жаңа бағдаршамның төртеуі орнатылды. Қалған 8 бағдаршамды белгіленген жерге орнату жыл аяғына дейін орындалатын болады. Жол қозғалысын реттеу мақсатында былтыр қала көшелерінің қиылысында 15 бағдаршам орнатылған болатын. Аталған жұмыстар негізінде қала аумағындағы жол апаты саны азайған.