ЖОБАЛАР ТАЛАЙ ІСТІ ІЛГЕРІ ЖЫЛЖЫТТЫ

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында Шымкентте 366,9 млрд. теңгеге 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарымен 45 жоба іске асырылуда. Өткен жылы 37,7 млрд. теңгеге 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрумен 22 жоба іске қосылды.

Іске қосылған жобалар қатарында «New technology Ltd» ЖШС-нің дизельді генераторлар өндірісі, «Рахат-Шымкент» ЖШС-нің қантты және қатты печенье өндірісінің желісі, «Qagaz ordasy» ЖШС-нің жазу қағаздары бұйымдарының өндірісі, «NURTAU distribution company» ЖШС-нің шоколадты кәмпиттер мен сағыз өндірісі, «DALSAN (ДАЛСАН)» ЖШС-нің дымқыл майлықтар өндірісі, «СП «LuxShoes» ЖШС-нің аяқ-киім табандарының өндірісі (II жоба), «ЮжСтройСервис» ЖШС-нің металл емес шыныпластикалық арматуралар өндірісі бар.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар жобалар іске қосылды. Атап айтқанда, ЖК «Колесников» 2 га аумақта, «Taza Onim» ЖШС 6 га аумақта жылыжай өндірісін жолға қойса, «Эм-Нур» ЖШС 600 млн. теңгеге ірімшік және сүтті қайта өңдеуге басымдық берді.
Сондай-ақ, «NurKazMetal» ЖШС 40 млн. теңгеге қара металл сынықтарын қайта өңдеуді жандандырса, «PROF-AKS» ЖШС 320 млн.теңгеге алюмин рамкілерінің өндірісін кеңейтті. Жиыны 316 млн. теңгеге «B.A.E.R.» ЖШС медициналық дәке және таңу материалдарын өндіру кешенінің құрылысын жүргізді. Нәтижесінде 50 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұдан бөлек, «Отау-Бетон» ЖШС 135 млн.теңгеге темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыт құрылысын, «Авелар Солар Технолоджи» 20 МВт қуаттылықта күн сәулесінің стансасы құрылысын, «Амир-А» (Sin Yuan Steel) ЖШС металлургиялық зауыттың құрылысын жүргізді.
«Бал Декор» 120 млн.теңгеге принт кілемдер мен кілемшелер өндірісін, «Шымкент Смелтинг» ЖШС 1 950 млн.теңге түсті металл мен арматура өндірісінің технологиялық желісі зауытын, «Shymkent qagazy» ЖШС крафт-қағаздарының өндірісін, «СК-Аймақ» ЖШС корпусты жиһаздар өндірісін жүзеге асырды.
Іске қосылған жобалар қатарында «TABA INDUSTRIAL» ЖШС-нің халық тұтынатын тауарлар өндірісі мен «Токтиев А.К» ЖК-нің жүнді қайта өңдеу жобасы да бар.